Альмира Төлегенова БҚО жұмыспен қамту басқармасының басшысы болды

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Альмира Төлегенова 1980 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетінің техникалық колледжін «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін бақылау, талдау» және «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және басқару институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Теректі ауданы Подстепный орта мектебінің есепшісі болып бастады.
Әр жылдары Теректі ауданының білім беру бөлімінің есепшісі, Теректі аудандық қаржы бөлімінің бас экономисі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, бөлімі басшысының орынбасары, Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Теректі аудандық экономика және каржы бөлімінің басшысы болды.
2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Орал қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған Алпамыс Көшкінбаевтың Жаңақала ауданына әкім болғанын жазған едік.