Альварес Головкинді нокаутпен жеңетініне сенімді
АСТАНА. ҚазАқпарат- Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйек күні өтетін жекпе-жекте Геннадий Головкинді уақытынан бұрын жеңетініне сенімді, деп хабарлайды Sports.kz
- Біздің айқасымыз 12-раундқа дейін жалғасуы мүмкін емес. Мен оның 12 раундтық кездесудің соңына дейін шыдай алмайтынына кепілдік бере аламын. Жекпе-жек нокаутпен аяқталады. Мен Головкинді сөзсіз нокаутқа түсіремін, - деді Альварес TMZ.com-ге берген сұхбатында.