Альварестен гөрі Головкин-Сондерс жекпе-жегі қызықты - Фируза Шәріпова

«Меніңше, Головкиннің Билли Джо Сондерспен жекпе-жегі анағұрлым қызықты болар еді. Өйткені оған WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы тігіледі. Орта салмақтың абсолюттік чемпионы болу үшін Головкинге тек осы белдік жетпей тұр», - дейді Ф. Шәріпова.
«Әрине, мексикалықпен өтетін жекпе-жектің артында қыруар ақша тұр, бірақ оның ешқандай белдігі жоқ. Оның үстіне, Альварес өз абыройына нұқсан келтіріп алды. Енді ол жанкүйерлері, соның ішінде қазақстандықтар алдында беделін тіктей алмайтын шығар. Кәсіпқой бокс ережесіне сай ол екі жылға спорттан шеттетілуі тиіс. Ол ресми жазадан құтылған күннің өзінде біздің көз алдымыздағы допингілік даудан арыла алмайды. Не дегенмен, кәсіпқой бокста абырой-атақ гонорар көлемімен емес, белдіктердің санымен айқындалады. Сондықтан, бұл тұрғыда, Головкиннің Сондерспен айқасы маңыздырақ. Альвареспен жекпе-жек көрермендер, телевидение үшін қызықты болғандықтан ғана өтуі мүмкін. Бірақ алдымен ол жауапкершілікке тартылуы тиіс», - дейді қазақстандық боксшы.
Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен егер Головкин-Сауль Альварес реваншы өтпесе, қазақстандыққа қарсы өз боксшысын ұсынатындығын мәлім еткен болатын.