15:36, 31 Мамыр 2017 | GMT +5
Альварестің жаттықтырушысы Головкинмен болатын жекпе-жекке дайындық туралы айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Саул Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо 16 қыркүйекке жоспарланған Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жекке шәкіртінің дайындығы туралы кейбір құпияларымен бөлісті, деп жазады Sports.kz.

Қазіргі кезде «Канело» өзінің туған өлкесі Гвадалахарда жаттығуын жалғастырып жатыр. Бұл аралықта команда пресс-тур мерзімі мен басқа да ұйымдастырушылық шараларды анықтап, содан кейін Калифорнияға оралады.
«Біз жекпе-жекке түрлі бағыттарда дайындықты бастап кеттік, шілде айында Лос-Анжелеске барып, күзге дейін сол жақта боламыз», - дейді жаттықтырушы ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Рейносоның айтқан сөзіне қарағанда, олар бұл жолы соңғы бірнеше жарыстардың алдында болған Сан-Диегодағы лагерьде қалуға ниетті емес.