Альянс банк ағымдағы жылы 2 миллиард теңге көлемінде таза табыс табуды жоспарлап отыр - Басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - «Альянс банк» АҚ-ның  2011 жылғы  табысы 39 миллиард 887 миллион теңгені құрады.
None
None

Оны басқарма төрағасы Мақсат Қабашев бүгін Алматыда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес өткен жылдың аудиттелген, шоғырландырылған есебін жариялау кезінде айтты.

«Былтыр банктің меншікті капиталы алдыңғы жылмен салыстырғанда 106 млрд. 67 млн. теңгеге артып, 1 млрд. 32 млн. теңгені құрады.  Активтері 24 пайызға ұлғайып, 529 млрд. 888 млн. теңге болды. Несиелік қоржын 30 пайызға өсіп, 328 млрд. 784 млн. теңгеге дейін жетті», дейді М. Қабашев. Оның айтуынша, клиенттерінің  ағымдағы шоттары мен депозиттерінің көлемі 41 пайызға ( 85,4 млрд. теңге) артып, 294 млрд. 237 млн.  теңгеге дейін жеткен. Ал міндеттемелері 532 млрд. 619 млн-нан 528 млрд. 856 млн. теңгеге дейін 0,7 пайызға қысқарған. Банк сыртқы міндеттемелерін  орындауда арнайы кестеге сәйкес былтыр жалпы сомасы 76,4 млн. долларды құрайтын еурооблигациялар бойынша купондық сыйақының 2 төлемін жасады. Сонымен қатар өндіріп алынған сомалар есебінен төленетін 24,1 млн. долларды құрайтын облигациялар бойынша 4 төлем жүргізді.

Соңғы жаңалықтар