«Альянс банк» бизнесті қолдауда, ал БТА ипотекалық нарықты тұрақтандыруда негізгі операторлардың бірі болмақ - Үкімет басшысы

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Альянс банк» шағын және орта бизнесті қолдауда, ал БТА ипотекалық нарықты тұрақтандыруда негізгі операторлардың бірі болмақ.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекет тарапынан жүйе құрушы банктерді қолдау шаралары жалпы еліміздің экономикалық тұрақтылығына негізделіп отырғандығын жеткізген Үкімет басшысы, «мысалы, «Альянс банктің» шағын және орта бизнесті қолдау бойынша тәжірибесі мол. Сондықтан бұл банк осы саланы қолдауға қатысты негізгі оператор ретінде анықталады. «Альянс банк» арқылы шағын және орта бизнесті несиелендіруге 18 миллиард теңге бағытталады», деді. Премьер-Министрдің айтуынша, БТА банкі құрылыс және ауыл шаруашылығы секторын қолдау бойынша Үкіметтің операторы болып бекітілді. Сонымен қатар БТА ипотекалық нарықты тұрақтандыру тұрғысында негізгі операторлардың бірі болмақ. Оның аясында жеңілдетілген талаптарда ағымдағы ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру жоспарланып отыр. Аталған бағыт бойынша БТА банк арқылы 43 миллиард теңге бөлу қаралып отыр. Осы орайда қайта қаржыландыру талаптарында тиімді ставканы 11 пайызға дейін төмендету қарастырылмақ. «Альянс банкі» мен БТА банкі экономиканы жеке өзінің қаржысына, сондай-ақ Үкімет пен мемлекеттік компаниялардың тарапынан бөлінген қаражатқа қаржыландаруды жалғастыратынына тоқталған К. Мәсімов, өз кезегінде «Самұрық-Қазына» қоры мен оның құрамына кіретін құрылымдар акция пакеттері бар «Қазкоммерцбанк», БТА, «Альянс банк», сондай-ақ Халық банкіне қаражаттың елеулі бөлігін аударатынын атап өтті. Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, барлық банктер табыс ұстанымдары бойынша және корпоративті басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін болады. К. Мәсімов осы бағыттардың нәтижесінде банктер қуатты әрі тиімді жұмыс істейтінін, сонымен қатар Қазақстан экономикасын несилендіруді нығайтып, сыртқы қарыздан тәуелсіз болатынын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар