«Альянс Банкі» мен Маңғыстау облысының әкімшілігі Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат- Кеше Ақтауда «Альянс банкі» мен Маңғыстау облысының әкімшілігі арасында Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті.
None
None
Құжатқа Альянс банкінің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мақсат Қабашев және Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тараптар аймақтағы халыққа, шағын және орта бизнес субъектілеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға және бюджеттік ұйымдарға жоғары сапалы банктік қызметтерді кеңінен ұсыну мақсатында өз күштерін біріктіруге келісті. Қол қойылған Меморандумға сәйкес, әкімшілік пен банк мемлекеттің жоспарланған бағдарламаларына зор көңіл бөлетін болады, оларға ШОБ кәсіпорындарын несиелендіру, ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру, жоғары білімді алу үшін жеңілдікпен несиелерді ұсыну жатады. Тараптардың ынтымақтасудың негізгі бағыттары болып есеп-айырысу-кассалық қызметтердің кешенін ұйымдастыру және аймақтағы мемлекеттік кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдарды жалақы жобаларында қатысуға тарту.Меморандумға қол қоя отырып, Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «қазіргі қиын экономикалық жағдайда облыстың кәсіпорындары мен халқы несие қаражатына мұқтаж. Сол себепті Маңғыстау облысының әкімшілігі аймақ экономикасының қаржыландыруын кеңейту үшін республиканың коммерциялық банктеріне қолдау көрсетпек»,- деп атап өтті. М. Қабашев, өз кезегінде: «Альянс банкі жүйе құрушы қаржылық институт болғандықтан, Дағдарысқа қарсы Бағдарламаның негізгі қатысушы банктердің бірі болып таңдалды. Біздің басымдықтар арасында - 12,5 пайыз мөлшерінде шағын және орта бизнесті несиелендіру, ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасы арқылы ипотекалық несие алушылардың қарыздық міндеттемелерін жеңілдету және студенттерге жеңілдікпен несие беру. Сондықтан біз жергілікті атқарушы органдармен өзара тиімді серіктестік қатынастарын қалыптастыруға мүдделіміз және олардың қолдауына үміттенеміз. Альянс банкі мемлекеттің барлық бағдарламаларын сапалы да жылдам жүзеге асыруға бағытталады», деді.Ақтау қаласына сапары аясында Альянс банкі басшысы Ш.Есенов атындағы Технология және Инжиниринг Каспий мемлекеттік университетінде болып, оның басшылығымен кездесті. Жоғары оқу орнының ректоры Әбдімүталіп Әбжаппаров, «Мемлекеттің студенттерді оқытуға жәрдем көрсету жөніндегі бастамасы өте уақтылы, өйткені бүгінде елімізде кәсіби инженерлік-техникалық мамандар тапшы. Және біз мемлекеттің осы бағдарламасы қалыптасқан кемтікті жоюға көмектеседі деп сенеміз. Мемлекет қаражаты лайықты үміткерлерге жету үшін, біз өз тарапымыздан Альянс банкімен тығыз жұмыс істеуге дайынбыз», деп атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар