"Альянс Банктің" басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы тағайындалды

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / - Бүгін "Альянс Банкі" басқармасының құрамында жаңа тағайындау болғаны туралы хабарланды. Директорлар кеңесінің шешімімен Банктің басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып Шолпан Нұрымбетова тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат."Альянс банкіне" келмес бұрын, Ш.Нұрымбетова «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Жаңа қызметінде Ш.Нұрымбетова "Альянс Банкі" бизнесінің стратегиялық бағыты болып табылатын жеке клиенттер мен ШОБ кәсіпорындарына қызмет көрсетуге байланысты мәселелерді реттейтін болады. Бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, "Альянс Банкі" мемлекеттен шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінетін қаржыны игеруші негізгі оператор болмақ. Осы мақсаттарға ШОБ қолдаудың тұрақтандыру бағдарламасының үшінші траншы аясында «Даму» мемлекеттік Кәсіпкерлікті дамыту қоры Альянс Банкіне 18 миллиард теңге бөлді, сонымен бірге «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға 14 миллиард теңге бөледі деп жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар