16:24, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Альянс банктің несиелік қоржыны 5,7 миллиард долларды құрап отыр ? басқарма төрағасы
АЛМАТЫ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Альянс банктің несиелік қоржынының көлемі қазіргі таңда 5,7 миллиард долларды құрайды. Бұл жайлы бүгін Алматыда аталмыш банктің басқарма төрағасы Ерік Сұлтанқұлов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Экономиканы қаржыландырудың көлемі біздің несиелік қоржынымызда бүгінгі таңда 5,7 миллиардқа жуық долларды құрап отыр. Бұл біздің барлық активіміз. Биыл несиелік қоржынның 15 пайызына дейін провизия құруды жоспарлап отырмыз», дейді «Альянс банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы. Оның айтуынша, банктің сыртқы қарызының көлемі 3,9 миллиард доллар. Өткен жұмада еуробондтар бойынша 10 миллиард теңгені төлеген. Жалпы қазіргі таңда акционерлік қоғамда 5700 адам жұмыс жасайды. Өткен жылы олардың саны 8 мың еді. Ешқандай қысқарту болмаған, алдағы уақытта да жоспарланып отырған жоқ.