16:17, 23 Наурыз 2013 | GMT +5
Алабаманың әуежайында құлаған электронды тақта жасөспірімді жазым етті
АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Алабама штатының Бирмингем қаласындағы әуежайда рейстердің кестесіне арналған сандық тақта жолаушылардың ұстіне құлап, оның салдарынан жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды CNN.

Оқиға кеше, 22 наурыз күні орын алған көрінеді. 150 келіні құрайтын тақта әуежай терминалдарының бірінде опырылып түскен екен. Құлаған электронды қалқанның астында бес адам қалып, кәмелетке толмаған Люк Берсетт есімді бала тіл тартпай жан тапсырды.
Зардап шеккен қалған төртеудің ішінде Л.Берсеттің анасы мен бауыры және әпкесі бар болып шықты. Медицина қызметкерлерінің бағалауы бойынша анасының жағдайы қиын.