01:25, 30 Қаңтар 2025 | GMT +5
Жетісу облысының тұрғындары жол бойында қар барысын кездестірген
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысында ауыл тұрғыны жолдың үстіне шығып кеткен қар барысының күшігін видеоға түсіріп алған.

Үшбұлақ ауылының тұрғыны Бауыржан есімді азамат күндіз ауылына көлікпен келе жатып, жол бойынан түз тағысын кездестірген. Көлік ішінде отырып аланды видеоға түсіріп алған азамат адам көзіне сирек түсетін аңның алдынан шыққанын жақсылыққа жорығанын айтты.
- Досым екеуміз аудан орталығы Үшарал қаласынан келе жатқанбыз. Көктұма- Үшбұлақ жолында Қызылтал деген жерде алдымыздан қар барысының күшігі шықты. Барысты жол бойынан шығып кеткенше видеоға түсіріп алдық, - деді Бауыржан Төреханов.
Еске салайық осыған дейін Шығыс Қазақстанда қар барысының фототұзаққа түсіп қалғанын жазғанбыз.