Алакөл ауданында «Қабанбай батыр және жастар» акциясы басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алакөл ауданында «Қабанбай батыр және жастар» облыстық патриоттық акциясы басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алакөл ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың хабарлағанындай,  бұл акция өскелең ұрпақты әскери-патриоттық  рухта тәрбиелеу ауқымында және ағымдағы жылғы тамызда Талдықорған қаласында Қабанбай батыр ескерткішінің ашылуына арналып отыр. 

Аудан және Алматы облысының өміріндегі осы айтулы оқиғамен қала тұрғындарын және қонақтарды Алакөл ауданының әкімі Б.Қарасаев, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Далбағаев, «Ұландар»  облыстық жасөспірімдер ұйымының президенті, Үшарал қазақ гимназиясының оқушысы А.Арғынғазиновтар құттықтады.

Акция мерекелік концертпен аяқталды. Мәдениет үйінде балалардың шығармашылық үйі мен қаладағы мектеп оқушыларының қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Осы күні делегация Қабанбай ауылындағы Қабанбай атындағы тарихи-өлкетану мұражайында болды. Бұл жерде олар өлкенің тарихы жөнінде баяндайтын мол мұралармен танысты. Сондай-ақ қонақтар биыл ашылған «Құмырбек Сәметұлы» мешітінде де болды.

«Қабанбай батыр және жастар» акциясы Алматы облысының басқа да аудандарында өтеді. Ал оның қорытындысы тамыз айында Талдықорған қаласында Қаракерей Қабанбай батыр ескерткішін ашумен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар