Алакөл бағытындағы вокзалдар жөнделмек: Ақши станциясының бекеті тәулік бойы жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM — Жолаушылардың жайлылығы үшін Алакөл бағытындағы вокзалдарда қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ақши станциясының бекеті тәулік бойы жұмыс істейді
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

— Демалушылар арасында танымал Жалаңашкөл және Көктұма станциялары вокзалдарында жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесін ескере отырып, қызметкерлердің жылжымалы жұмыс кестесі ұйымдастырылды. Ақши станциясының вокзалы тәулік бойы жұмыс істейді, — деп жазды Ұлттық тасымалдаушы компания.

Жазғы маусым қарсаңында вокзалдарда санитарлық аймақтар, күту аймақтары жаңартылды, жарықтандыру жақсартылды және іргелес аумақ жабдықталды. Жолаушыларды уақтылы хабардар ету үшін барлық вокзалдарда дауыс зорйтқыш байланыс жүйесімен қамтылған.

Ақши станциясының бекеті тәулік бойы жұмыс істейді
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Жалаңашкөл және Ақши станцияларында билет кассалары жұмыс істейді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес вокзал шаруашылығы объектілерін жаңғырту жұмыстары басталды, ағымдағы жылы Жалаңашкөл, Ақши және Көктума станциялары вокзалдарында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Ақши станциясының бекеті тәулік бойы жұмыс істейді
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ жазғы кезеңде жоғары сұранысқа ие туристік бағыттарда 12 қосымша маршрутты іске қосқанын жазған едік. Оның ішінде Алакөлге жазда 240 мың жолаушы теміржол көлігімен тасымалданбақ.

Соңғы жаңалықтар