Алакөл көлдерінің біріне 2 миллионға жуық сазан балаңқұрты жіберілді
«Балық өнеркәсібі» ЖШС Алакөл филиалы директорының балық аулау жөніндегі орынбасары Мұратхан Оразымовтың хабарлауынша, жақын күндері тағы екі партия «жас қоныстанушылар» осы көлдің азық-түлік қоры мол, жылытылған суларына келіп түседі және кішкентай балаңқұрттан өнеркәсіптік үлкен сазан балықтары болып шыққанынша өздерінің өмірлік циклын бастайды.
Басшының айтуынша, инкубациялық цех мамандары көктемде ілкімді қимылдады. Институттың аға ғылыми қызметкері Елена Данько өзендерді балық қорларымен толтықтырудың, ауданда жұмыс жасайтын екі балық зауыты үшін мықты шикізат базасын жасаудың маңызын атап өтті.
«Дегенмен балық өсіретін тоғандар қажет, оларда күзде тірілей салмағы 35-40 грамдық шабақтарды жібергенде табиғат аясында олардың 45-50 пайызы өсіп-өнер еді», - деді Елена Данько.
«Балық өнеркәсібі» ЖШС-ның Бесағаштағы Алакөл филиалы мен Алакөлдегі «Алакөл табиғаты» кәсіпорындарының инкубациялық цехтары жыл сайын 17 миллионға дейін сазан балаңқұрттарын жібере алады. Олар «Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесінде» алакөл сазандарының өсіп-өнуіне және балық қоры ұлғаюына елеулі үлес қосып, бұл істе ізашар болып келеді.