Алакөл жағалауларын нығайту жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде (ФОТО)

«Техникалық-экономикалық негіздеме алынды, жобалық сметалық құжат дайын», - деді ведомство басшысы.
Бұдан кейін жаңа тендер өтіп, уақытша тоқтатылған жағалауды нығайту жұмыстары жалғасады. Жағалаудың 130 шақырымдай аумағы бекітіледі Олардың арасына 3 шақырымдық жасанды жағажай жасау көзделген. Жобаның жалпы құны - 3, 8 млрд. теңге.
Еске сала кетейік, Алакөл жағалауын нығайту жобасын жүзеге асыру 2009 жылы басталған. Сол кезде жобаның бірінші нұсқасы бойынша алғашқы 168 метрлік темірбетондық толқын тосқы салынған. Алайда бұл құрылғы табиғаттың тылсым мінезіне төтеп бере алмады. Соңғы жылдары 300 метрге жуық жағалауды су шайып кетті. Соның салдарынван ҮИИД картасына енетін көл жағалауында демалу базаларын құру бойынша бизнес жобаларды жүзеге асыру уақытша тоқтатылды. Бизнес жағалаудың нығаюын күтуде.
Жолдардың нашарлығына қарамастан Алакөлде сауығып, демалу кең етек жайып келеді. Бұл жерге автокөлікпен ғана жетуге болады. Жолға шамамен 10 -18 сағат уақыт кетеді. Алайда бұл жерде теңіз ауасының оттегіне қаныққан жан қайта келуге тырысады. Көлдің суы құрамындағы минералдық тұздар тері, демалу органдарының, сүйек-бұлшық ет ауруларын және жүйке жүйесінің дерттеріне шипа. Мұнда емдік балшық та бар. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда, кеңес үкіметі кезінде ғарыштан оралған ғарышкерлер осы жерге емделуге келетін болған. Өйткені мұндағы су радионуклидтерді шығарады екен.
Бұл жерде демалатын шетелдіктер де аз емес. Демалыс базаларының бірінің қызметкері айтқандай, келушілердің 30 пайызы - шетелдіктер. Айта кету керек, соңғы екі жылда мұнда бірнеше демалыс базасы салынды. Ол жуынатын бөлмесі мен ыстық суы, салқындатқышы бар ағаш коттедждер. Қызметке күніне үш мәрте тамақтану мен емдік процедуралары кіреді. Сондықтан сауықтыру туризмі және Үржар ауданы қазынасының толығуы Алакөл жағалауындағы жағдайға байланысты.
Отандық гидрожобалаушылар «Алакөл жағалауын нығайтудың» түрлі нұсқаларын ұсынған. Оның ішінде тау жыныстарынан жасанды жартылай аралдар жасау идеясы болды. Осындай жартылай арал 2006 жылы жасалды, жұрттың айтуынша, әлі де сол күйінде тұр.
Серік Түленбергеновтың сөзіне қарағанда, ғарыш сараптамаларының және мамандар жүргізген зерттеулердің деректері сараланып жағалауды нығайту жүйесінің әлемдік тәжірибесі игерілді. Өңірде бір-бір жарым жыл ішінде Қабанбай ауылы маңындағы Алакөл жағалауы нығайтылып инвестициялар мен туристік сала есебінен ауданды дамыту жұмыстары жалғасатынына үлкен үміт артуда.