21:14, 03 Тамыз 2025 | GMT +5
Алакөлде 14 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы ТЖД құтқарушылары патрульдеу барысында жағалаудан 20 км қашықтықтағы аралда қалып қойған 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қайықтың ақаулығы салдарынан топ өз бетінше жағаға шыға алмай жауын-шашын мен бұршақ астында қалып қойған.
Жедел-құтқару жасағы барлық зардап шеккен адамдарды құрлыққа сәтті жеткізді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.
— ТЖМ суға шықпас бұрын су көлігінің техникалық жағдайын мұқият тексеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады, — делінген ТЖМ хабарламасында.
Айта кетелік жаз шыққалы бері Алакөл жағасында 120-дан астам бала жоғалған.