10:34, 09 Сәуір 2012 | GMT +5
Алакөлде туристік кешен салынатын болады - Алматы облысы
ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысында демалыс базасы жабдықталған Алакөл өзенінде қонақ үйдің құрылысына бағытталған Мукин ЖК жобасы іске асырылуда.

Алматы облысы бойынша «Даму» қоры аймақтық бөлімшесінің директоры Ринат Талтүсов мәлім еткендей, 22 млн. теңгеге «Даму» қоры, «Ресей Жинақбанкі» АҚ мен кәсіпкер Айдос Мукиннің арасында үшжақты келісімге қол қойылды.
Жоба үшін кепілдендіру құралы қамтамасыз етілген кепіл жетпеген кезде тартылады және бұл кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты - Жаңа бизнес бастамаларды қолдау бойынша күшті көмек болып отыр», - деді Р. Талтүсов.
Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарамасы бойынша Алматы облысының ішкі туризм саласына 510 млн. теңге құйылды. Бүгінгі күні субсидия арқылы мемлекеттен төленетін төлем 58 млн. теңгеден астам қаражатты құрады.