18:46, 25 Шілде 2024 | GMT +5
Алакөлге дельтаплан құлап, екі адам ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысы Ақши ауылының маңында Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған 2 адамды құтқарды.

Аман қалған ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді.
Қаза тапқандар жоқ.