Алакөлге ұшақпен де, автобус, пойызбен де жетуге болады

Егер ұшақпен жолға шығатын болсаңыз, Алакөлдің Жетісу облысындағы жағалауына бару үшін Үшарал қаласына дейін ұшақпен ұшып келіп, әрі қарай автокөлікпен (таксимен) жетесіз. Ұшақ билеттерін авиакомпаниялардың жеке сайттарынан алған тиімді.
«Талдықорған-Үшарал» бағытында «Жетісу» әуе компаниясының ұшақтары күнделікті сағат 10:00-де және 14:00-де 2 әуе рейсін жасайды. Билет құны 8000тг-ден басталады.
«Алматы-Үшарал» бағытында «SCAT AirLines» әуе компаниясының ұшағы күнделікті сағат 12:30-да ұшады. Билет құны 15000тг-ден басталады.
«Алматы – Үшарал» бағытында «QAZAQ AIR» әуекомпаниясының ұшағы дүйсенбі күні сағат 13:30-да ұшады, ал сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 09:35-те ұшады. Билет құны 18000 теңгеден басталады.
«Астана-Үшарал» бағытында «SCAT AirLines» әуе компаниясының ұшағы күнделікті сағат 6:35-те ұшады. Билет құны 16000 тг-ден басталады.
Үшарал әуежайынан Алакөлге дейін такси құны (салон) 10000 тг-ден басталады. Немесе «УШАРАЛ ТАКСИ» телеграм-каналынан таксиге алдын ала тапсырыс беріп қоюға болады.
Пойызбен жолға шықсаңыз, темір жол билеттерін Көктұма станциясына дейін аласыз. Бұл станция Алакөлдің оңтүстігіне жетуге ыңғайлы.
«Үштөбе-Ақши» бағытында №221 пойыз дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 01:45-те жүреді, билет құны 2500тг-ден басталады.
«Үштөбе-Ақши» бағытында №337 пойыз сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 01:45-те жүреді, билет құны 2500тг-ден басталады.
«Үштөбе-Ақши» бағытында №22 пойыз сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 20:04-те жүреді, билет құны 2500тг-ден басталады.
«Үштөбе-Ақши» бағытында №211 пойыз дүйсенбі, сәрсенбі, жұма кундері сағат 04:07-де жүреді, билет құны 2500тг-ден басталады.
«Алматы-Ақши» бағытында №22 пойыз сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 14:00-де жүреді, билет құны 3500тг-ден басталады.
«Алматы-Ақши» бағытында №221 пойыз дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 18:50-де жүреді, билет құны 3500тг-ден басталады.
«Алматы-Ақши» бағытында №337 пойыз дүйсенбі, сәрсенбі, жұма кундері сағат 18:50-де жүреді, билет құны 3500тг-ден басталады.
Алакөлге дейін автобуспен баратын ойыңыз болса, Көктұма елді мекеніне дейін билет алуға болады. «Сайран» автобекетінен тікелей Алакөлге күн сайын автобус рейстері жүреді.
«Алматы-Үшарал» бағытында автобус күнделікті сағат 20:45-те жүреді, билет құны 9500 тг-ден басталады.
«Алматы-Көктұма» бағытында автобус күнделікті сағат 21:05-те жүреді, билет құны 9500 тг-ден басталады.