Аламан бәйге, аударыспақ, марафон: Астанада өтетін шаралар легі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-16 қыркүйек аралығында Астанада өтетін іс-шаралар жоспарын назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.
None
None

Атап айтқанда, Тәуелсіздік сарайында бірнеше көрме өтетіндігі жоспарланған - ҚР Өнер академиясының «Астана - арман қала» атты қолданбалы және көркемсурет көрмесі; фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрме; «Ақанаевтар әулеті» жеке көркем көрмесі;  «Қасиетті жерлерге саяхат» Павлодар қаласының суретшілері көрмесі; «Ата заң - ел тірегі, Астана - ел жүрегі» Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған көрме және Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге арналған тақырыптық көрме.

Ал 12 қыркүйек күні сағат 10.00-де «Дәулет» спорт кешенінде асық ату, тоғызқұмалақ және қазақ күресінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің ақтық сыны болады.

12 қыркүйек күні сағат 19.30-да «Барыс Арена» кешенінде «Барыс» ХК - «Нефтехимик» ХК командаларының арасындағы матч басталады.

13 қыркүйек күні сағат 14.00-де «Қазанат» атшабарында теңге ілу және жамбы атудан «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің ақтық сыны болады.

14-16 қыркүйек күндері сағат 10.00-де «Жастар» сарайында «Дәмді бал әлемі» көрмесі өтеді.

14 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Қазанат» атшабарында аударыспақтан «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің ақтық сыны болады.

14 қыркүйек күні сағат 19.30-да «Барыс Арена» кешенінде «Барыс» ХК - «Торпедо (НН)» ХК командаларының арасында матч басталады.

15-16 қыркүйек күндері сағат 10.00-де «Қазанат» атшабарында көкпардан «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің ақтық сыны болады.

15 қыркүйек күні сағат 17.00-де «Астана» концерт залында қазақ оркестрінің қатысуымен Нұрлан Бекеновтің «Шаттан елім» атты шығармашылық кеші өтеді.

15 қыркүйек күні сағат 19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Астана қаласы әкімінің кубогіне арналған «Жайдарман» ойындары болады.

16 қыркүйек күні сағат 07.00-де «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің аумағында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана марафон - 2018» шарасы басталады.

16 қыркүйек күні сағат 14.00-де «Қазанат» атшабарында бәйге түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің бәйге (16 шақырым) және аламан бәйгенің (25 шақырым) ақтық сыны болады.

16 қыркүйек күні сағат 17.00-де «Барыс Арена» кешенінде «Барыс» ХК - «Ак Барс» ХК командаларының арасындағы матч басталады.

16 қыркүйек күні сағат 20.00-де «Астана Арена» стадионында футболдан Премер-Лига клубтары арасындағы «Астана» және «Қайсар» клубтарының ойындары өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар