Аламан бәйгеде Айқабақ топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік көшпенділері ойындары аясында өткен аламан бәйгеде Айқабақ бірінші келді. 

Аламан бәйгеде Айқабақ топ жарды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

25 шақырымдық Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып «Айқабақ» кесті. «Жұмыртұяқ» екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – «Қара қыз» үштікті түйіндеді.

1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Аңсар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан); 

2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан); 

3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).

Еске сала кетейік, бұған дейін жорға жарыста қазақ тұлпары екінші келгенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар