Аламан бәйгенің бас жүлдесіне 10 млн теңге тігілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал ұлттық спорт түрі бойынша турнир халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтеді, хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
None
None

3 қыркүйек күні Астана әкімдігі мен ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық федерация «Samruk-kazyna» ұлттық әл-ауқат қорының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, «Нұр Отан» партиясының, сонымен қатар «ЭКСПО-2017» ҰК қолдауымен елордада «Алтын тұлпар» аламан бәйгесін өткізеді. 

Жарыс осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл аламан-бәйге форматы бірқатар өзгерген болатын. Егер бұған дейін жүгіріп өту шеңбері 12,5 шақырымды құраса, енді 7 шақырым. Қашықтық - 51 км.

Қашықтықта әр 2 шақырым сайын бақылау пункттері орналасады, онда төрешілер, ветеринарлар, құқық қорғау органдарының өкілдері болады. Бәйгенің өту барысы бейнебақылау камераларына түсіріледі.

Ат жарыс тікелей эфирде және ЛЭД-экранда көрсетіледі. Бәйгеге Қазақстанның барлық облыстарынан және Алматы мен Астана қалаларының командалары қатысады.

Бас жүлдеге 10 млн теңге тігілген. Сондай-ақ жүлделерді бірінші келген 9 шабандоз иеленеді.

Бәйге Ақмола облысы, Целиноград ауданы, «Қабанбай батыр» ауылында өтеді (Астанадан 35 шақырым жерде).

Аламан бәйге 3-қыркүйек күні 11:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар