Алапат «Нида» тайфуны ойран салып жатыр (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда «Нида» тайфуны ойран салып жатыр. Салдарынан Гонконгта қор биржаларындағы сауда-саттық тоқтатылды, деп хабарлайды 24.kz.

 Алапат «Нида» тайфуны ойран салып жатыр (ВИДЕО)

Сондай-ақ жүздеген әуе сапары кейінге шегерілген. Шаһарда пойыз бен автобус қозғалысы тоқтап тұр. Желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін жетеді. Толассыз жауған нөсер соңы су тасқынына ұласуы мүмкін деген қауіп бар. Ал аспан асты елінің оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында «Нида» кесірінен 35 000 тұрғын өз үйлерін тастап, қауіпсіз орындарға көшірілген. Мектептер, кеңселер мен зауыттардың есігі тарс жабық тұр.

Жалпы синоптиктердің айтуынша, бұл соңғы 33 жыл ішіндегі ең алапат тайфун болып отыр.