Alaqan, CEREBRA, Parqour – Шетелге танылған қазақстандық IT-жобалар аталды

АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы 5 жылда қазақстандық IT-қызметтер экспортының көлемі 20 есеге артты. Қазақстандық IT-өнімдер мен қызметтер АҚШ, Араб Әмірліктері, Нидерланды, Ұлыбритания, Германияға экспортталады. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

Бүгін түнгі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ виртуалдандыруында «Салық төлеушінің кабинеті» АЖ уақытша жұмыс істемейді – комитет
Фото: ortcom.kz

Президент 2026 жылға қарай IT-экспортының жалпы көлемін 1 млрд долларға дейін жеткізу міндетін қойды. Аталған міндетті іске асыру үшін тиісті инфрақұрылым құру және осы саладағы бизнесті қолдау бойынша жұмыс жүргізілуде.

− Бұл соңғы 5 жылда қазақстандық IT-қызметтер экспортының көлемін 20 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Отандық IT-өнімдер мен IT-қызметтердің экспорты негізінен АҚШ, Араб Әмірліктері, Нидерланды, Ұлыбритания, Германия және басқа да елдерге бағытталды. Alaqan, Codiplay, CITIX, CEREBRA, OGames, Parqour, ApartX сияқты көптеген қазақстандық жобалар шетел нарықтарында жақсы танылды, - деді О. Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Үкімет басшысы IT-экспортты ұлғайту үшін алдағы жұмыстарда өңірлердегі акселерация бағдарламаларын дамытуға және серіктес-инвесторлар қатарын кеңейтуге баса назар аудару керегін айтуда. Осы саланың қозғаушы күші өңірлік IT-хабтар мен венчурлік қорлар болуға тиіс.

− Қазақстандық стартаперлердің әзірлемелері ауқымды қаржыландыруды қажет ететінін айта кеткен жөн. Сондықтан венчурлік қор құру рәсімдерін жеделдету керек. Сонымен қатар барлық ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу рәсімдерін цифрландыру қажет. Тиісті платформа қазір жұмыс істеп тұр. Оған мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушыларды қосу қажет. Нәтижесінде бұл отандық инновациялық әзірлемелерге деген сұранысты арттырып, олардың халықаралық нарықтарға шығуына ықпал етеді, - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев стартаптарға қолдау көрсететін венчурлік инвестициялар қоры құрылатынын айтқан еді.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болуы мүмкін екені хабарланған еді.

 

Соңғы жаңалықтар