Аласа бойлы күйеуімен ажыраспақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында жас келіншек күйеуінің бойы аласа болғандықтан ажырасатындығын мәлімдеді. Үйленгендеріне 7 ай енді болса да, 20 жастағы әйелі әл-Катиф атты мұсылман ұйымына өздерін ажырату туралы өтініш беріп отыр.
None
None

Әйелінің айтуынша, өткен-кеткеннің барлығы және таныстарының өзі оларды мазақ қылатын көрінеді. Қай жерге барсаң да, миығынан күлген бір адамды кездестірмеу мүмкін емес дейді.

Арыз берушінің өтінішін тыңдаған Мухаммад әл-Жирани бұндай жағдайдың бірінші кездесіп тұрғанын айтады. Осы уақытқа дейін орын алған жағдайлардың ең таңқаларлығы екендігін де тілге тиек етті, деп жазады islam.kz.

Соңғы жаңалықтар
Референдум