«Алаш» қайраткерлері 100 жыл бұрын Қазақстанда демократия негіздерін қаламақ болды

Оның айтуынша, «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің либералды идеялары Қазақстанның демократиялық жолмен дамуының іргетасын қалады.
«Алаш» көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейханов демократиялық жолмен Ресей империясы Мемлекеттік думасының құрамына кіріп, одан кейін «Алаш Орда» қозғалысының көсемі болып сайланды», - деді сарапшы.
Оның айтуынша, «алаштықтар» демократиялық дамуды біздің ел үшін ең қолайлы болады деп есептеді. Атап айтқанда, олар демократиялануының арқасында қысқа мерзім ішінде артта қалған феодалды мемлекеттен индустриялық державаға айнала алған Жапония тәжірибесіне көп көңіл бөлді.
Сұлтанхан Аққұлұлы «Алаш» көсемдері сондай келешекті біздің елде де көргісі келгенін атап өтті. Біздің халықтың игілігі жолындағы олардың сіңірген еңбегі егемен Қазақстанның қалыптасуының негізін қалауға мүмкіндік берді.