«Алаш жастары» қоғамдық бірлестігі құрылды

АЛМАТЫ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Жас Отан» жастар қанаты жанынан «Алаш жастары» қоғамдық бірлестігі құрылды. Бірлестік жетекшілері басты мақсатымыз - шет елде оқитын қазақстандық студенттердің басын қосу дейді.
None
None

Бірлестік төрағасы Омар Қараболатовтың айтуынша, ҚР СІМ-нің мәліметі бойынша шетелде 12 мыңнан астам, ал ресми емес мәліметер бойынша 30 мың қазақстандық студент бар. «Біз шетелдік студенттердің ұйымдарын үйлестіру қызметін жүзеге асыратын ортақ ұйым құруды жөн көрдік»,- дейді О.Қараболатов.

Оның айтуынша, шетелдегі қазақстандық студенттер «Болашақ» бағдарламасы, түрлі гранттармен және өз бетімен оқиды. «Өкінішке қарай, студентер оқу кезінде қаржылық, құқықтық, медициналық қиындықтарға ұшырасып жатады. Біздің еліміздің дипломатиялық өкілдігі барлық қалада жоқ. Сондықтан жастарға өз проблемаларын өз бетімен шешуге тура келеді. Бұнымен қатар шетелдегі қазақстандық студенттердің білім алуын үйлестіріп отыратын ортақ ұйым жоқ, шетелге кәсіби мамандардың кетуі, студенттердің шетелдердегі әрекетін мониторинг жүргізіп отыру қажеттігі де бар. Бұл біздің ұйымның құрылуына басты себептердің бірі. Біздің мақсат - шетелдік білімі бар студенттерді жұмысқа орналастыру, оларды біріктіру, қазақстандық студенттердің іскерлік имиджін көтеру, шетелде оқығысы келетін студенттерді қолдау»,- дейді «Алаш жастарының» жетекшісі.

Қоғамдық бірлестік бұнымен қатар студенттердің әуе қатынасындағы, туристік, медициналық, құқықтық қызметтер бойынша жеңілдіктер алуын қамтамасыз етіп, түрлі мәдени шаралар, қайырымдылық акцияларын, ғылыми шаралар өткізбек.

Соңғы жаңалықтар