«Алашорда философиясының шетелдегі қазақ диаспорасы арасындағы түсіндірілуі» атты ғылыми-зерттеу жобасының қорытындысы талқыланды

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде «Алашорда философиясының шетелдегі қазақ диаспорасы арасындағы түсіндірілуі» атты ғылыми-зерттеу жобасының қорытындысы талқыланды.
None
None

Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан бастамашылық білдірілген жобаны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоры» қолдап, Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының қатысуымен, ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңес мүшесі Ботагөз Рақышева, саясаттанушы Айдос Сарым іс жүзіне асырған.

Аталған жобаның негізгі мақсаты Алашорда философиясының басты құндылықтарын тарихи санада жаңғырту, қоғамға кеңінен тарату, оның Тәуелсіздікті, мемлекеттілікті және ұлттық бірлікті нығайтуға бастайтын біріктіруші идеяларын жан-жақты ашып көрсету болып табылады. Бұл бойынша 1995 жылы 24 наурызда ҚХА-ның алғашқы сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті-Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың идеясы жобаның басты арқауы болып отыр. Онда Елбасы: «Уақыт сынынан өте білген қазақ халқының бай әрі күрделі тарихы бар. Қазір ол Қазақстанда тұратын барша халыққа біздің бірлігіміздің түп-тамырын жақсырақ ұғынуға көмектесіп, кез келген тарихи кінә артуларға жол бермеуі тиіс және біз өткенге қарап болашағымызды көруге тиіспіз», - деген болатын. Сондықтан да, тәуелсіздік, тұтастық, ұлттық бірлік тақырыптары бүгінгі күннің идеясымен және болмысымен үндесе, Қазақстан саясатының базалық маңызды қағидаларына айналып отыр.

Жоба аясында Алаш орда қатысушылары мен олардың ұрпақтарының сирек кездесетін мұрағат материалдары, авторлық кітаптары ұсынылды. Бұдан бөлек, жобаның халықаралық мәртебесі қаралған тақырып бойынша қазақ диаспорасынан шыққан шетелдік ғалымдар - Мюнхендегі Еуропадағы қазақ мәдени орталықтары Федерациясының төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Әбдулқаюм Кесижи, Ыстамбұл университетінің тарих ғылымдарының докторы Әбдуәқап Қара, сондай-ақ Қытай, Франция, Германия, Австрия елдерінің бірқатар ғалымдары қызығушылық танытып отыр.

Талқылау барысында қатысушылар жобаның бірегейлігіне назар аударып, оны отандық зерттеулермен толықтыруды және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап толықтырылған жобаны қайта қарауды ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар