Alatau City қаласына арнайы мәртебе беріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Alatau City қаласына арнайы мәртебе берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Alatau City» қаласына арнайы мәртебе беріледі
Фото: Ақорда

 Сонымен қатар Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен кездесу кезінде атом саласындағы ынтымақтастықты егжей-тегжей талқылағанын және Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалын алдағы уақытта 10 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отырғанын атап өтті.

Айта кетелік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталған еді

Соңғы жаңалықтар