Алатау қаласында 1,8 млрд теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Алматық облыстық прокуратурасынан мәлім болды.

БҚО-да құны 231 млн теңге жер телімі мемлекетке қайтарылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Облыс прокуратурас баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алатау қаласы құрылған сәттен бастап прокуратура жер ресурстарын қорғау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осы орайда жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша жасалған манипуляциялар анықталды. Кейбір учаскелер заңсыз түрде Қараой ауылдық округінен Байсерке ауылдық округіне ауыстырылған.

Прокурордың талап-арыздары бойынша олар мемлекет қорына қайтарылды. Жалпы ауданы 66,5 га, кадастрлық құны 1,8 млрд теңге құрайды.

Осыған ұқсас тағы бір іс сотта қаралып жатыр, оның ауданы 3,4 га, кадастрлық құны 96,9 млн теңге.

Сонымен қатар прокуратура жалпы ауданы 236 га, кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 21 жер учаскесін анықтады. Бұл учаскелер заңсыз берілген, ал бір бөлігі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.

- Қазіргі уақытта оларды мемлекет меншігіне қайтару жөнінде сотқа талап-арыздар жолданды. Жер заңнамасын қолдану саласындағы жұмыс Алатау қаласының прокуратурасының тұрақты бақылауында, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылы қайтарылуы тиіс 2 млн га жердің 1,67 млн гектарын мемлекет меншігіне қайтарылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар