Алатау қаласында жаңа мектеп ашылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы, Алатау қаласы, Еңбек ықшамауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған мектеп қолданысқа берілді.

Алатау қаласын жаңа мектеп ашылды
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Алатау қаласында жаңа мектеп ашылды
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Жаңа қаладағы 3 қабатты мектеп 600 орынға арналған. Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымның мәліметінше, облыстағы білім саласының басты проблемасы – үшауысымды оқыту мен орын тапшылығы.

«Сондықтан мәселені шешу мақсатында 2024 жылы облыста «Жайлы мектеп» жобасы аясында 26, жеке инвестор арқылы 4 және жергілікті бюджет есебінен 2 мектеп қолданысқа беру жоспарланған», — деп атап өтті ол.

Алатау қаласында жаңа мектеп ашылды
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Мектепте сапалы білім алу үшін барлық жағдай қарастырылған. Мектепте соңғы үлгіде жабдықталған кабинеттер, ерекше білім алушыларға арналған инклюзивті орталық, шеберхана, кітапхана, робототехника, STEM және модификациялы кабинеттер, спорт залы, асхана, мәжіліс залдары балалар игілігіне қызмет етеді.

«Болашақ жастарымыздың жаһандану кезеңінде сапалы білім мен саналы рухани тәрбие беру маңызды. Ендігі кезекте, облысымыздың дарынды балалар саны бүгінгі жаңа да жайлы мектепте білім алатын оқушылармен толығатынына сенімдімін», — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Алатау қаласында жаңа мектеп ашылды
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Осы жылдың басында Алматыдан солтүстікке қарай 47 шақырым жерде орналасқан Жетіген ауылы облыстық маңызы бар Алатау қаласына айналған болатын.

Бұған дейін жаңадан құрылған Алатау қаласының даму бағыты туралы жазған едік.

Сондай-ақ Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Алатауды дамыту мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің екінші отырысы өтті.

 

Соңғы жаңалықтар