Қазақстанда Алатау деген жаңа қала пайда болды

Ақорданың баспасөз қызметі Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы мәліметі жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы облысы
Фото: wikipedia.org

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2.Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.

3.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                Қ. Тоқаев

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 9 қаңтар

№ 432

Осыған дейін Алматыдан солтүстікке қарай 47 шақырым жерде орналасқан Жетіген ауылы жуырда облыстық маңызы бар қалаға айналатынын жаздық.

Соңғы жаңалықтар