Алатау қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM —  Алматы облысы Алатау қаласы Әли ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонында өрт болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

мусорный полигон
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Ведомство атап өткендей, қазір өртті сөндіру, жерді қалпына келтіру және топырақпен толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады, — делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, Жедел авариялық қызмет және полиция қызметкерлері қатысып жатыр. 

Бұдан бұрын Қостанайда өрт шыққан пәтерден анасы мен екі баласы құтқарылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар