Алатау полигонындағы өртке төртінші күн: қазіргі жағдай қалай
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында орналасқан қоқыс полигонында өрт төртінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, қазіргі таңда полигон бетіндегі жұмыс алаңдары кеңейтілген. Бұл инженерлік техниканы көбірек пайдалануға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ ТЖМ бөлімшелері жану ошақтарын инертті материалдармен толтырып, топырақты тығыздауда және инъекциялық сөндіру әдісі қолданылып жатыр.
- Бұл әдіс суды тұтанып жатқан қалдықтардың тереңдігіне тиімді енгізеді. Ол жасырын өрт ошақтарын салқындатуға және оқшаулауға мүмкіндік береді. Мұндай тактика өртті жою жұмыстарының тиімділігін едәуір арттырады. Суды үздіксіз жеткізу үшін үш учаскеден су алу ұйымдастырылған. Өртті жою бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізіледі, - деп хабарлады ТЖД.
Еске салайық, бұған дейін өртке байланысты облыстағы ауа сапасы санитарлық нормаға қаншалықты сәйкес екенін жазғанбыз.