Алаяқ әйел Астана тұрғындарына қайтарымсыз несие рәсімдеумен айналысқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Ішкі істер департаменті 58 жастағы Меңсулу Табаковаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Алаяқ әйел Астана тұрғындарына қайтарымсыз несие рәсімдеумен айналысқан

Тергеу барысында ол 2012-2014 жылдар аралығында Астана аумағында алаяқтық жолмен елорда тұрғындары мен басқа да аумақтардың тұрғындарының атына екінші деңгейлі банктерде қайтарымсыз несиелерді рәсімдеумен айналысқандығы анықталды. Күдіктіге қатысты полицияға арызданып 60-тан астам азамат жолықты. Күдіктінің заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккендердің саны көп болуы да мүмкін.

Осыған байланысты Меңсулу Табакованың әрекетінен зардап шеккен азаматтар Астана қаласы Ішкі істер департаментіне: Бейбітшілік көшесі 19, 338 б. немесе мына телефон нөмірлеріне: 71-60-10 (Астана қаласы ІІД кезекші бөлімі), 71-62-13, ұялы тел. 8-701-465-10-71 нөміріне хабарласуына болады.

Қазіргі уақытта М.Табакова қолға түсті, оның қылмыстық әрекеттері ҚР ҚК 190 б. 4 б. («аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша жіктелді.