Алаяқ әйел дүние-мүлкі тәркіленіп, 5 жыл түрмеге кесілді

АҚТӨБЕ.  Қыркүйектің   7-сі.  ҚазАқпарат /Самал  Ендібаева/ - Ақтөбеде    ипотека саласында аса ірі  көлемде  алаяқтық әрекет жасаған  әйел  дүние-мүлкі тәркіленіп, 5 жыл түрмеге  кесілді,  
None
None

деп хабарлайды  ақтөбелік   қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

Алаяқ әйел  2004 жылдың   шілде айында  Ақтөбе  қаласында  орналасқан   екі бөлмелі пәтерді  ипотекалық несие  бойынша 4,9 миллион теңгеге алу  туралы   пәтердің иесімен  ауызша келіседі. 752,3 мың теңге сома кепілақы  төлеген  алаяқ  әйел пәтердің  иесін   жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату   келісімшартын   өзінің   бауырымен жасауға көндірген. Жұмыс орны,  табысы,  зейнетақы   аударылымдары  туралы    жалған анықтама қағаздармен     қылмыскер  әйел  банктен    бауырының атына  4,06 миллион теңге сома  несие алған. Кейін пәтер иесінің  ақшасын  берместен,      несие ақшаны    өз мұқтаждығына  жұмсаған.

Соңғы жаңалықтар