Алаяқ пәтерлер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынған
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтіргенін анықтады. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

— Алаяқ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті төмендетілген бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақша қаражатын алған соң, ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Мысалы, жәбірленуші кінәлі тұлғаға жер учаскесін төмен бағамен сатып алу және ұлттық компанияға жұмысқа орналастыру үшін 7 млн теңге берген. Алайда сотталушы өз уәдесін орындамаған. Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтіргенін анықтады, — делінген хабарламада.
Сот үкімімен оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Материалдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетелік Астанада алаяқтарға көмек көрсеткен «дропперлер» тобы әшкереленген еді.