Алаяқ вахталық жұмысқа орналастыруды уәде етіп, 30-ға жуық адамды алдады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында алаяқ вахталық жұмысқа орналастыруды уәде етіп, 30-ға жуық адамды алдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқ вахталық жұмысқа орналастыруды уәде етіп, 30-ға жуық адамды алдады

«Ақтөбе облысы Полиция департаменті»West Trans Group-M«ЖШС басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Күдікті мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 150 - 300 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алған.

Қазір полицияға 30-ға жуық алданған азамат шағымданды.

Дәл осы алаяқтықтан зардап шеккен тұлғаларға облыстық Полиция департаментінің 416-кабинетіне хабарласуды немесе 8(7132) 936-416 телефон нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз. Бсқа өңірлердің тұрғындары тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерге хабарласа алады», - деді Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Сұлтанов Нұрболат.