Алаяқтар негізінен жалған әуе билеттері мен дипломдарды жасап жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері ішкі істер органдарында ҚР Қылмыстық Кодексiндегі 385-ші бап бойынша, яғни жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу тұрғысында 1560 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Негізінен әуе билеттері, дипломдар, көші-қон карточкасындағы көші-қон полициясы қызметінің уақытша тіркеу мөрінің баспа-таңбасы, жүргізуші куәлігі және жер теліміне құқықты рәсімдеу бойынша материалдар қолдан жасалады», - деп жазды ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктегі парақшасында.
Оның атап өтуінше, бұл әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке 171 адам тартылған екен.