Алаяқтар түрмеде отырып-ақ зейнеткерлерді тақырға отырғызды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Мурманскідегі Первомайский аудандық соты «телефон» алаяқтарына қатысты қылмыстық іс бойынша шешім шығарды.
None
None

Олардан 38 зейнеткер зардап шеккен.

Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, Мурманск ИК-18 мекемесінде осыған ұқсас қылмысы үшін жазасын өтеуші Виталий Саханков түрмеде отырғандар мен еркіндіктегі адамдардан тұратын тұрақты қылмыстық топ құрған.

Қаскөйлер і қалалық нөмірлерге телефон шалып, өздерін олардың қиын жағдайға тап болған жақындары ретінде таныстырып, егде жастағы адамдардан ақшамен көмектесулерін сұраған. Олардың келісімдерін алғаннан кейін жазасын өтеушілер - Саханков, Денис Кутузов пен Андрей Пугаев еркіндіктегі осы топтың мүшелеріне хабарласып, олардың біреуіне зардап шегушіден ақшаны алып кетуді бұйырып отырған. 38 зейнеткер алданып, қылмыскерлерге 1 млн. рубльден астам ақша берген.

Соңғы жаңалықтар