Алаяқтарға алданған ақтөбеліктер 1 млрд теңге ақшасынан айырылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысында биыл 700-ге жуық алаяқтық дерегі тіркелді. Шығын 1 млрд теңгеден асты.

Алаяқ
Фото: Алина Тулеубаева/ Kazinform

Ақтөбеде әлі де интернет алаяқтарға алдынып жатқандар бар. Мұндай дерек күн сайын тіркеледі. Көбі 1414 нөмірінен келген хабарламаға сеніп, құпия кодты айтып береді.

– Ақтөбе облысы бойынша 700-ге жуық қылмыстық іс тіркелді. Қазір 203 қылмыстық іс аяқтылып, сотқа жіберілді. Тұрғындарға келтірілген шығын 1 млрд теңгеден асады. Ақтөбе қалалық полиция басқармасының Киберпол қызметкерлермен бірге 18,7 млн теңге қайтарылды. Сонымен бірге 150-ге жуық банк есепшоты бұғатталды, - деді Ақтөбе облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Бақдәулет Балмурзин.

Оның айтуынша, зат сатып алу үшін белгісіз сілтемеге өтіп, ақшасынан айырылып қалғандар көп. 

– QR код арқылы төлегенде де абай болу керек. Сонымен бірге оңай жолмен ақша таппақ болып, инвестиция салады. Ақшаны еселеймін деп 4-5 ай бойы алдынып жүреді, кейін полициядан көмек сұрайды. Полиция, ҰҚК, Ұлттық банк қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы қоңырау шалмайды. Осыны да есте ұстау керек, - деді Бақдәулет Балмурзин. 

Еске салсақ, Ақтөбеде ақшасын жинап жүрген зейнеткерлер де алданып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар