Алаяқтықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар әзірленеді - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Интернет-технологиялар саласындағы қылмыстардың онлайын сауданың кеңінен таралуы ықпал етті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаяқтықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар әзірленеді - ІІМ

Оның айтуныша, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен бейнеконференцбайланыс режимінде жедел кеңес өткізді, онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын сапалы және уақтылы іске асыру үшін бірқатар міндеттерді белгіледі.

«Интернет-технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мәселесі жеке қарастырылды, олардың өсуіне әлемде короновирус пандемиясы әрі онлайын сауданың кеңінен таралуы ықпал еткені айтылды. Ішкі істер министрлігі прокуратура органдарымен бірлесіп алаяқтықтың, оның ішінде ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарды пайдалана отырып жасалатын алаяқтықтың алдын алу және ашу бойынша қосымша шаралар әзірлеп, іске асырылатыны атап өтілді», - Н. Ораз апталық онлайн брифингіде.

Осыған байланысты ІІМ киберқылмыспен күрес орталығының құрылымында осы қылмыстарды ашумен ғана айналысатын арнайы топтар жұмыс істейді. Мұнда полиция Ұлттық банкпен және екінші деңгейлі банктермен тығыз қарым-қатынас жасайды.