Албания парламенті Эди Раманы төртінші мерзімге премьер-министр етіп бекітті

АСТАНА. KAZINFORM — Эди Рама Албания премьер-министрі қызметіне қатарынан төртінші рет тағайындалды

Албания флаг
Фото: Wikimedia

Албания парламенті бейсенбі күні Эди Раманы қатарынан төртінші мерзімге премьер-министр қызметіне бекітті. Ол елдің 2030 жылға дейін Еуропалық Одаққа кіру процесін жеделдетуге уәде берді.

Эди Рама — бұл қызметке жалғыз кандидат болды және 140 орындық парламентте 82 дауыс жинады. Оның Социалистік партиясы биыл мамырда өткен парламент сайлауында көпшілік орынға ие болған.

— Албанияның 2030 жылға дейін ЕО-ға кіруі — осы мандаттың басты мақсаты, — деді Э. Рама заң шығарушылар алдында сөйлеген сөзінде.

Ол елдің еуроинтеграция бағыты алдағы жылдары үкімет реформаларының негізгі бағытына айналатынын атап өтті.

Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыруға бағытталған қадам ретінде, премьер-министр өткен аптада мемлекеттік тендерлерді басқару және тағайындау үшін жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі Diella құралын пайдалануды ұсынды. Бейнеүндеу барысында бұл ЖИ жүйесі мемлекеттік қызметкерлерді алмастырмайтынын, керісінше оларға көмек көрсететінін айтты.

Осыдан бұрын әлемде тұңғыш жасанды интеллект-министр Албанияда тағайындалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар