19:25, 30 Қазан 2024 | GMT +5
Албаниядағы әлем чемпионаты: Нұрқожа Қайпанов пен Дәулет Ергеш ширек финалға өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының 1/8 кезеңінде қазақстандық қос балуан жеңіске жетті.
Алдымен бозкілемге шыққан еркін күрестен Ұлттық құраманың спортшысы Нұрқожа Қайпанов 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде молдовалық Николай Грохмезамен сынға түсіп, қарсыласын қапы қалдырды. Келесі кезеңде отандасымыз Грузия елінің спортшысымен кездеседі.
79 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Дәулет Ергеш те ширек финалға қиындықсыз шықты. Ол үндістандық қарсыласын 8:2 есебімен ойсырата жеңді. Енді Дәулет келесі кезеңде грузиялық еркін күрес шеберімен кім мықтыны анықтайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ержет Жарлықасынның грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алғанын жазған едік.