Әлібек Нұртаев Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректоры міндетін атқарушы болды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне жаңа басшы тағайындалды. Басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы қызметіне Әлібек Нұртаев бекітілді, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Алибек Нуртаев
Фото: instagram.com/zhanibekovuniversity/

Әлібекті ұжымға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет таныстырды.

Әлібек Нұртаев 1982 жылы Түркістан облысының Шардара ауданында дүниеге келген.

2006 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2021 жылы Шымкент университетін тәмамдаған. Мамандығы – дене шынықтыру пәнінің оқытушысы және спорт түрлері бойынша жаттықтырушы, мемлекеттік басқару бакалавры, педагогика ғылымдарының магистрі.

ҚР спорт шебері, сондай-ақ жауынгерлік самбодан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және спорт басқармасында бас маман болып бастаған.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы және Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармаларын басқарған.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын директоры, Шымкент қаласындағы Олимпиадалық резервті даярлау орталығының басшысы, сондай-ақ Түркістан облысының «Тұран» футбол клубының бас директоры қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, Жасын Біркенов Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар