Алдағы 5 жылда 1 миллион адам жасанды интеллект дағдыларын меңгереді - Мәдиев

АСТАНА.  KAZINFORM  -  Алдағы 5 жылда 1 миллион адам жасанды интеллект дағдыларына үйренеді.  Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан парламенттік тыңдалымда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Жаслан Мәдиев айтты.

Бәстесуге дайынмын – Жаслан Мәдиев журналистерді интернет бағасы арзандағанына сендіре алмай кетті
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

- Биыл Ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылды. Ол арқылы құрылымдалған деректер базасына, есептеу қуаттарына және үлкен тілдік модельдерге қолжетімділік болады. Платформа бағдарламалау дағдыларынсыз жасанды интеллект агенттерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Алдымызда 5 жыл ішінде 1 миллион адамды жасанды интеллект дағдыларына үйрету мақсаты тұр, - деді ол.

Оның, атап өтуінше, білім беру бастамалары мектеп оқушыларын, студенттерді, мемлекеттік қызметшілерді, бизнесті және барлық қалаушыларды қамтиды.

- Адам капиталын және инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін Қазақстанда тұрақты стартап-экожүйе қалыптасып келеді. Astana Hub-та жылдық табысы 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 1 700-ден астам қатысушы бар. Бұл көрсеткіш 5 жыл ішінде 40 есеге өсті. Бүгінде Astana Hub еліміздің 20 өңірінде жұмыс істейді, - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, тыңдалым барысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заңнаманы ЖИ-технологиялардың дамуына бейімдемеудің салдары туралы пайымын білдірді.

Соңғы жаңалықтар