Алдағы аптада ел спортшыларын қандай бәсекелер күтіп тұр

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық спортшыларды алдағы аптада бірқатар маңызды халықаралық және республикалық жарыстар күтіп тұр.

Алдағы аптада қазақcтандық спортшыларды қандай бәсекелер күтіп тұр
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Енді сол жарыстардың қашан, қай жерде өтетініне қысқаша тоқталып өтейік.

3-9 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі:

3-6 наурыз: Пара садақ атудан жабық кешендегі ел чемпионаты

Сайысқа еліміздің 8 өңірінен 60 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Шымкент ққаласы.

3-7 наурыз: Фристайл-могулдан Еуропа кубогы кезеңі

Жарысқа ел құрамасынан 2 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Била тау-шаңғы курорты, Чехия.

3-9 наурыз: Биатлоннан Әлем кубогінің 7-кезеңі

Бұл сында ел намысын 8 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Нове-Место-на-Мораве қаласы, Чехия.

4-10 наурыз: Спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңі 

Ұлттық құраманың 4 спортшысы бақ сынайды.

Өтетін орны: Баку қаласы, Әзербайжан.

5-10 наурыз: Кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем кубогы

Сайысқа 40 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 37 спортшы жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Езоло қаласы, Италия.

6-8 наурыз: Семсерлесуден әлем кубогы

Ел намысын 4 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Падуя қаласы, Италия.

6-12 наурыз: Парабиатлоннан әлем кубогы

Жарыста 3 отандасымыз өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Торсби қаласы, Швеция.

6-17 наурыз: Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты

Әлем біріншілігінде 10 боксшымыз жұдырықтасады.

Өтетін орны: Ниш қаласы, Сербия.

7-11 наурыз: Допты хоккейден Қазақстан чемпионаты

Ішкі біріншілікке 13 өңірден 100 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Алматы қаласы.

8-9 наурыз: Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы

Бозкілемде отандық 8 спортшы белдеседі. 

Өтетін орны: Портимао қаласы, Португалия.

Соңғы жаңалықтар