Алдағы апталарда Air Astana қайтадан Иран арқылы ұша бастайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Air Astana тобының президенті Питер Фостер Қазақстан мен Араб мемлекеттері арасындағы рейстер әлі де Иранды айнала ұшып жатқанын айтты.
Дегенмен, оның айтуынша, әуе компаниясы алдағы уақытта бұрынғы бағытына қайта оралуы мүмкін.
- Қазіргі уақытта Дубай, Абу-Даби, Доха, Жидда, Медина бағытындағы рейстер Иран әуе кеңістігін айнала жүргізіліп жатыр. Бірақ ахуал біртіндеп дұрысталып келе жатыр. Біз алдағы 2 аптада Иран арқылы қайта ұша бастаймыз деп үміттенеміз. Бірақ жағдайды бақылау керек, бәрі тез өзгеріп кетуі мүмкін. Дегенмен, біз қазіргі мақсатымыз бұрынғы тіке бағытқа қайта оралу және бұл бағаға әсер етпейді, - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін халықаралық әуе компаниялары Таяу Шығыстағы жағдайдан кейін рейс бағыттарын қайта қарағанын жазғанбыз.
Сондай-ақ Air Astana Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшатынын жазған едік.
Қазан айының соңында Иран әуе рейстеріне қойылған шектеулерді алып тастады.