Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM – 25-27 қазан күндері ашық, құрғақ ауа райынан соң, Қазақстанға атмсфералық ағындар келе бастайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.

дождь со снегом
Фото: Freepik

-Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, түнде және таң ата тұман түсуі ықтимал. Әзірге күн қатты суытпайды. Тек елдің солтүстігінде ғана аз уақытқа күн салқындайды, түнде 3-8 градус суық болса, күндіз 3-8 градус жылы,-деп хабарлайды синоптиктер.

Осыған дейін елімізде күн ашық, жылы, жауын-шашынсыз болатыны туралы жаздық.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында алдағы қыс біршама жылы болып, қалыпты өтетіні туралы болжам жарияланды. Онда өңірдің көп бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болатын айтылған.

 

Соңғы жаңалықтар