Алдағы күндері 40 градус аяз болады

АСТАНА. KAZINFORM — Ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келген суық антициклон әсер етеді. 

шишки, зима, погода, ауа райы, қыс
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы төмендейді.

Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынды (негізінен жаңбыр түрінде) болады. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман басады.

Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 15–25 градус аяз болады. Солтүстік және орталық өңірлерде 28–37 градусқа дейін төмендейді, шығыста 32–40 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы 0–10 градус аяз шамасында болады. 

Айта кетелік Жетісуда су тасқыны кезеңі әдеттегіден ерте басталғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар
Референдум